356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл

  • 105
Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл

Қазақ ұлттық өнер университеті 20 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Өнер ордасы талай таланттың томағасын сыпырып, үлкен өмірге жол ашты. Биыл оқу орнының магистратурасын 39 түлек бітіріп шықты. Олардың барлығы қазір еліміздің мәдени өміріне қызу араласып кетті. Жаңа оқу жылы қарсаңында көпшілік алдында есеп берген университет ректоры Айман Мұсаходжаева өнер ордасының бүгінгі жетістіктерін тілге тиек етті. Өткен жылы оқытушы-профессорлар құрамы 160-тан астам фестиваль мен түрлі мәдени іс-шарада қазылық етті. Ал өнер ордасының 182 студенті халықаралық конкурстардың лауреаты атанып, жетістікке кенелді.

Сәулебек Асылханұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Біздің студенттердің еңбегі Кан фестивалінде көрсетіліп, биыл да сонымен бірге келісімшартқа отырып, Жапон халқының кино драматургтары, кино режиссерлері, операторлары бас қосып бірігіп, жаңа еңбек бастағалы отыр.

Хабар 24 телеарнасы