USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Еліміздің 30 мыңға жуық тұрғыны кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеретін болады

Еліміздің 30 мыңға жуық тұрғыны кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеретін болады

Биыл еліміздің 160 ауданында тұратын 30 мыңға жуық тұрғын кәсіпкерліктің қыр-сырына қанығатын болады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» жобасы аясында олар үшін арнайы оқыту бағдарламасы әзірленді. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының 5-сьезінде айтылды. Жиында  сөз алған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының  құттықтау сөзін оқыды. Онда  еліміздің  соңғы 10 жылда Doing Business рейтингінде  64-тен 36-орынға көтерілгені айтылған. Сондай-ақ  дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін  Жалпы ішкі өнімдегі  шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға жеткізу міндеті тұрғаны да  қамтылды. Сьезд барысында  ел Үкіметі мен палата  өзара ықпалдастық жөнінде  келісімге келді. Сонымен қатар  Қазақстан және Өзбекстанның  кәсіпкерлер мүддесін қорғаумен айналысатын мекемелері де  тиісті құжатқа  қол қойды.

Болат Палымбетов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл: 

- Өзбекстан қазір жасап жатқан экономикалық реформалар біздің Қазақстанның кәсіпкерлеріне өте қажет. Өзбекстанда қазақстандық 300 кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Өзбекстанның Қазақстанда 2 мың адамы жасап жатыр. Енді 1 жылдың ішінде 150 ма сондай кәсіп ашылған Өзбекстанда. Бұл жаңа экономикалық реформа болғаннан кейін сонда бара жатыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде