356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өтіп жатқан халықаралық фестивальге онға жуық елдің өнер иелері келген

  • 194

«Star of Asia» деп аталатын шараның шымылдығы санаулы минуттардан кейін түріледі.

Оның басты артықшылығы оған отандық және шетелдік танымал әншілер қатысады. Бүгінгі музыкалық кешке де онға жуық елдің өнер иелері келген.

«Star of Asia» халықаралық фестивалінің бүгінгі бірінші күнінде отандық өнер иелері сахнаға шығады. Жалпы бүгін 27 ән орындалады деп жоспарлануда. «Музыкалық кештің басты ерекшелігі сахналық қойылымдарда», – дейді ұйымдастырушылар. Яғни саханаға сән беру үшін 500-ге жуық шығармашылық және техникалық топ жұмыс істейді. Оған қоса үлкен хан тағы, Тұмар ханшайым мінген тұлпардың алты метрлік мүсіні және автокөлік сынды тың қойылымдар фестивальдің көркін аша түспек. Айта кетейік, шара отандық және шетелдік телеарналарда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Ертең «Star of Asia» халықаралық фестивалінің қорытынды күні. Онда өнер көрсететін жұлдыздардың көбі шетелдіктер. Яғни АҚШ, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Қырғызстан және өзбекстандық танымал орындаушылар ән салады.

Хабар 24 телеарнасы