353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Кино – руханияттың көзі» жобасы басталды

  • 234

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан шара барысында астаналықтардың назарына анимациялық және көркем фильмдер ұсынылмақ.

Атап айтқанда 3 күн бойы Оқушылар сарайында «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» мультфильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» телехикаясы көрсетілмек. Айта кетейік, бұл туындылар еліміздің оңтүстік өңірінде түсіріліп өңделген.

Нұриддин Паттеев, «Сақ» киностудиясының директоры:

- Қазіргі заманға лайықтап жасадық. Мысалы, Қажымұқанның жас кезі тарихта жоқ. Өзіміз ойластырып, тарихшылармен келісіп, «былай жасасақ қалай болады» деп, күлкілі нәрселерді қостық. Егер күлкілі болмаса, динамика қоспаса балалар көрмейді. Егер көрмесе біздің еңбегіміздің еш болғаны.

Хабар 24 телеарнасы