369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға әлемдік киноның жұлдыздары келді

  • 173

Бүгін елордамызда ХІV Еуразия халықаралық кинофестивалі басталды.

Астанаға әлемге танымал және қазақстандық кино саласының майталмандары келді. Олардың арасында француз актері Венсан Кассель, сербиялық режиссер Эмир Кустурица, қазақстандық актриса Самал Еслямова, Равшана Куркова және Андрей Соколов сынды ресейлік әртістер бар. Бір апта бойы қала тұрғындары мен қонақтары түрлі картиналарды тамашалай алады. Фестиваль жеңімпаздарын анықтайтын қазылар алқасының мүшелері де өз жұмысына кірісуге дайын. Айта кетейік, олар 8 секцияға бөлінген. Кинофестивальге қатысушылар толық және қысқаметражды фильмдер, әлем киносы, деректі фильм бөлімдері бойынша өз туындыларын көрсете алады.

Ермек Тұрсынов, қазылар алқасының мүшесі, режиссер:

- Егер осындай халықаралық дәрежедегі шаралар болып отырса, әсіресе, мәдениет саласында, біздің мемлекетімізге өте пайдалы деп есептеймін. Бұл дәстүрге айналды. Бұл жиынға шетелден киногерлер клеген. Біздің деңгейіміздің де өсетініне ешқандай күмәнім жоқ.

Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

- «Еуразия» фестивалі басталмас бұрын 1000-нан астам киноны қарап шықтық. Астанаға 350 қатысушы келді. Бүгінде елордамызға Голливуд, Боливуд өкілдері, әлемдік деңгейдегі фестивальдердің басшылары жиналып отыр. Әрине, мұндай шараның арқасында біз шетелдік мамандармен әріптестік орнатып, болашақта бірлесіп түрлі жобаларды атқаруға мүмкіндік алдық.

Айта кетейік, қазірдің өзінде отандық мамандар шетелдіктермен бірлесіп көптеген фильм түсіріп жатыр. Фестиваль қонақтары шара аясында қазақстандық киномен жақын танысып, бірлесіп жұмыс істеу туралы ойларын айтты.

Андрей Соколов, қатысушы, актер /Ресей/:

- Қазақстандық әріптестерімізбен жаңа жобаны бастамақшымыз. Жоспар орындалса, мен осында 2-3 ай бойы киноға түсемін. Сол себепті Астанаға жиі келіп жүрмын. Әрине, қаланың өзгерісі таң қалдырады. Барлық елордалықтарды шаһардың 20 жылдығымен құттықтағым келеді.

Хабар 24 телеарнасы