USD 319.68

EUR 392.60

РУБ 5.63

Қарағандыда аутизмге шалдыққан балалардың концерті өтті

Қарағандыда аутизмге шалдыққан балалардың концерті өтті

Қарағандыда аутизм дертіне ұшыраған балалардың есептік концерті ұйымдастырылды. Шараға Қарағанды, Астана, Ақтау, Өскемен, Алматы, Павлодар және Мәскеуден жүзден астам бала қатысты.

Айта кету керек, осыдан бір жыл бұрын Қарағанды қаласындағы аутист балалар аналарының қауымдастығы құрылды. Қазір бұл орталықта 45 бала тіркелген. «Ұйымдастырылып отырған шара – қосымша қажеттілігі бар жеткіншектерді өмірге бейімдеудің бірден бір жолы», – дейді мамандар. Өйткені бұрын өзінен, шынайы өмірден алшақтаған балалар бүгін жүздеген халықтың алдында өнерін көрсете білді.  

Мейрам Қабылов, аутист балалар ата-аналары қауымдастығының мүшесі:

– Бұл концерт біздің бар екендігімізді білдіреді. Егер отбасыда аутизммен ауыратын бала болса, олар біздің орталыққа келіп, кеңес ала алады. Орталықта Мәскеуден келген білікті мамандар жұмыс істейді. Бұл тек қайырымдылық емес, бұл ғылыми жұмыс.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде