USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Алматыда 100 көшенің атауы ауыстырылады

  • 177
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматыда 100 көшенің атауы ауыстырылады

Алматыда Абай атындағы 12, ал Райымбек батыр атындағы 8 көше бар екен.

Өзге де тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің есімдері берілген көшелер де жиі қайталанып жатады. Осыған байланысты қаладағы 100 көшенің атауы ауыстырылатын болды.

Қалалық nілдерді дамыту басқармасының басшысы Мамай Ахетовтің айтуынша, бұрын Алматыда 1900-ге жуық көше болған. Жаңадан Алатау және Наурызбай аудандары құрылғаннан кейін олардың саны 2,5 мыңға жуықтаған. Бірақ қалаға қосылған елді мекендердегі көше атауларының 80%-ы қайталанатын болып шықты.

Мамай Ахетов, тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

- Бұл не деген сөз? Адамдар күнделікті өзінің мекенжайына байланысты қиындықтарға тап болды. Көшенің атауы әлеуметтік жәрдем алумен байланысты. Бұл жедел жәрдем шақырумен байланысты.

Алдағы уақытта Алматы көшелеріне Кенесары хан, Қадыр Мырзаәлі, Тұрсынбек Кәкішев, Егор Редько мен Шыңғыс Айтматов сынды тұлғалардың есімі біріледі. Сонымен қатар Сағадат Нұрмағамбетов пен Талғат Бигелдинов атындағы көшелер де пайда болады. Тұрғындар: «қайталанатыны өз алдына, үзіліп кетіп орта жолдан қайта жалғасатын шолақ көшелер де ретке келтірілсе», – дейді.   

Ергешбай Көпжасаров, қала тұрғыны:

- Мынандай керемет адамның аты қойылып жатса, дұрыс деп ойлаймын.

Кәрім Қабылахат, қала тұрғыны:

- Бұл жерде Жабаеві үшке бөлініп кеткен. Адамдар шатасады ғой. Өйткені бір көше емес, ортада үзіліп қалатын жағдай бар. Соның бәрінен қолайсыздық туындайды.  

Бірқатар көшелер қазақтың жер-су аттарымен және ұлттық танымға сәйкес келетін сөздермен аталады. Ал кейбіріне Еңлік-Кебек, Гүлбаршын, Ер Төстік сияқты қазақ фальклорындағы кейіпкерлердің есімдері беріледі. Ал мекенжайы ауысқан тұрғындар құжаттарын жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында түзейді.

Лаура Дауылбай, Медеу аудандық ХҚКО өкілі:

- Құжаттарды түзеу тегін жасалады. Құжаттың артқы жағына көшенің аты ауысқаны туралы мөр басылады. Кадастрлық нөмірі сол күйінде қалады. Тіпті үйінің нөмірі де сол қалпында сақталуы мүмкін. 

Көше аттарын өзгерту туралы бастама әлі бірнеше деңгейде мақұлдануы тиіс. Қалалық әділет басқармасында тіркелген соң ғана заңды күшіне енеді. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұхит Құдықбаев, Валентин Лобанов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top