352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жалған медициналық анықтама жасауды бизнес көзіне айналдырған топ ұсталды

  • 230
Астанада жалған медициналық анықтама жасауды бизнес көзіне айналдырған топ ұсталды Plaza Design

Бармақ бастылық балабақша мен мектептерде де бар.

Кезекте тұрған, не баласын өзге мектепке ауыстырғысы келетін ата-ана мәселені тезірек шешудің жолын қарастырады. Астана әкімдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жақын күндері осы мекемелерді нысанаға алмақ. Бұл – тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында қолға алынған шаруа. Айта кетейік, бұл бастама азаматтарға мемлекеттік қызмет алу кезінде қолайлы орта қалыптастыруды көздейді. Бұған дейін жоба жетекшілері денсаулық саласына бақылау жүргізіп, тұрмыстық жемқорлықтың бірнеше дерегін әшкерелеген. Мысалы, жалған медициналық анықтама жасауды бизнес көзіне айналдырған топтың жолы кесілді. Мамандардың айтуынша, осындай пысықайлардың кесірінен Астана емханалары жылына 25 млн теңгеден қағылып отыр. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі электронды мәліметтер базасын құруды қолға алмақ.

Жазира Жылқышиева, «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі:

– База жасау керек, ол базаның ішінде сіздің анықтамадан өткеніңіз туралы мәліметтер тұру керек. Жеке сәйкестендіру нөмірін жазғаннан кейін азаматтың өткендігі жөнінде мәліметтер тұрады. Жұмыс беруші жұмысқа аларда жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы қарауына болады.

Хабар 24 телеарнасы