359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутаттар Ақмола облысының зауыт қызметкерлерімен кездесті

  • 122
Депутаттар Ақмола облысының зауыт қызметкерлерімен кездесті

Мәжіліс депутаттары Гүлжан Қарақұсова мен Татьяна Яковлева Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Ақмол ауылындағы «Жаңа Сервис-2007» қызметкерлерімен кездесті.

Зауыт автоклавты газдалған бетоннан блоктар шығарады. Дайын өнім тек аймақта ғана іске жаратылып қоймай, елорданың құрылыс базарларына да жіберіледі. Кәсіпорын Целиноград ауданының индустрияландыру картасына енгізілген. Биыл мамыр айынан бері 1344 шаршы метр газоблок шығарылды. Кездесу барысында депутаттар өндіріспен танысып, зауыттағы өнім көлемін көбейту жолдарын талқыға салды.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз мұнда екі мақсатты көздеп келіп отырмыз. Алдымен, кәсіпорын жұмысшыларына Елбасының бес әлеуметтік бастамасының іске асырылу тетіктері туралы айтуды жөн көрдік. Ал, екіншіден, жұмысшылар тарапынан айтылатын проблемаларды тыңдап, шешімін табуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы