352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жұмыспен қамтушы жылжымалы орталық бос орын туралы ақпарат береді

  • 250

Алматыда жылжымалы жұмыспен қамту орталығы адамдар көп шоғырланатын орындарды аралап, тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ұсынып жатыр.

Еріктілер екі қолға бір күрек таппай жұрген жандардан анықтама жинап, қалалық жұмыспен қамту орталығына тапсырады. Әрі қарай оларға бос жұмыс орындары бар мекемелер өздері хабарласады. Мысалы, жылжымалы орталық жыл басынан бері жұмыс іздеген 600 адамды тіркеген. Оған қоса 2 мың тұрғынға кеңес берді. Орталық жыл бойы қала аумағын аралап, жұмыссыз жастарға қолдау көрсетеді.

Алма Ауғанбаева, қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры:

- Біз жұмыс іздеп жүрген тұрғындарға кеңес беріп, олардың анықтамасын қабылдап аламыз. Сонымен қатар мұнда жұмыспен қамту орталығының мамандары болады. Олар қазіргі кезде қандай мамандықтарға сұраныс бар немесе қандай сала бойынша бос орындар бар екені туралы ақпарат береді.

Хабар 24 телеарнасы