352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында ақтөбелік азаматтан 40 келіден астам марихуана тәркіленді

  • 150
Жамбыл облысында ақтөбелік азаматтан 40 келіден астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тасмалдаушы ұсталды.

Полицейлер оны иісшіл иттің көмегімен қолға түсірді. Қылмыстық оқиға Шу ауданында болған. Тәртіп сақшылары жылжымалы бекетте «Тойота» маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізеді. Тінту кезінде көліктің жүк салатын бөлігінде есірткі жасырылған үш жолаушы сөмкесі анықталды. Қызметтік иттің арқасында 40 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Тергеп, тексеру нәтижесінде есірткі 36 жастағы ақтөбелік азаматқа тиесілі екендігі белгілі болды. Қазір ұсталған адам қамаққа алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы