361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендіктер обырдың алдын алу үшін тегін томографиялық тексеруден өтті

  • 99

Өскеменде өкпе қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында 250-ге жуық адам компьютерлік-томографиялық тексеруден өтті.

Бұл шара онкология және радиология ғылыми зерттеу орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылған пилоттық жоба аясында жүзеге асырылды. Осылайша облыс тұрғындары тексерістен тегін өтуге мүмкіндік алды. Дәрігерлердің айтуынша, жобаның ерекшелігі сол,,, емделушілер сәулелік әсері әдеттегіден 2-4 есе төмен томографиядан өтеді. Аталған құрал ең кіші көлемдегі ісікті анықтап ғана қоймай, қатерлі аурудың жаңа ошақтарын да болжауға көмектеседі. Айта кету керек, өңір өкпе қатерлі ісігі көрсеткіші бойынша екінші орында тұр.

Тоқтамыс Мұхатов, облыстық онкологиялық диспансердің рентгенолог дәрігері:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше, өкпе рагы жыл өткен сайын өсіп келеді,ол деген қалған колорактальный дейді,простатат рагы дейді сол рактарды қосып қарағанда жылдан жылға өсіп келеді. Яғни бұндағы мақсат - өкпе рагының алдын алып, ерте анықтап, ертерек емдеу.

Хабар 24 телеарнасы