352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 4500-ден астам бала жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік алады

  • 120

Жыл соңына дейін елімізде 20 ІТ-орталық пен тың технологиялармен жабдықталған 100 сынып ашылады.

Осылайша 4500-ден астам бала жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік алады. Заманауи орталықтың  бірі Астана қаласындағы Көлік және коммуникация колледжінде орналасқан. Бүгінге дейін мұнда 500-ден астам азамат цифрлық сауаттылығын арттырып, білімін жетілдірді. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осы оқу орнына арнайы барып, партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Айтуынша, партияның басты мақсаты – қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай. олардың әлемдік ірі жобаларға қатысатын бәсекеге қабілетті маман дайындау. Сарапшылардың дерегінше, бүгінде интернеттегі жүздеген фриланс биржаларда миллиондаған ІТ-тапсырыстар жарияланып, оның нарықтағы қаржы көзі триллиондаған АҚШ долларымен есептеледі.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Жастарды бағдарламалауға тартатын болсақ, балалардың ойлау жүйесін дамытуға әсерін тигізеді екен. Өздерінің креативті адам болып тәрбиеленуіне де үлкен үлес қосады деп айтуда мамандар. Сондықтан ХХІ ғасырдың мамандықтарына бабаларды тартуға, сол мамандықтардың негізін үйретуге партия өзінің үлесін қосуда. Елбасының тапсырмасы бойынша бұл үлкен жұмыс «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Хабар 24 телеарнасы