352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда бір күнде бірнеше ұрлық жасаған қарақшылар ұсталды

  • 85
Қарағандыда бір күнде бірнеше ұрлық жасаған қарақшылар ұсталды Мунайлы Астана

Қарағанды полицейлері бір күннің ішінде оншақты рет ұрлық жасаған  екі қарақшыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы ІІД-де мәлім еткендей, биылғы жылдың 28 шілде күні полицияға Қарағанды облысының тұрғыны хабарласқан. Ол арызында белгісіз біреу үйіне терезе арқылы еніп, 600 мың теңге көлемінде мүлігін ұрлағанын жеткізген. Ұры тамыз айының басында «Тонау» жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қолға түскен. 37 жастағы облыс тұрғыны бұдан бөлек мамыр-тамыз айлары аралығында Қарағандының оңтүстік-шығыс және орталық аудандарында жалпы 1 миллион теңге көлемінде бөтен мүлікті иемденуге қатысты 8 деректі жасағанын мойындады. Қазіргі таңда азамат абақтыда қамауда отыр. Мәселеге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бөлек полицейлер қарағандылық 20 жастағы азаматты ұстады. Ол бөтен автокөлікті үптеп кеткен. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде ұсталған азамат осыған ұқсас 7 деректі мойындады. Полиция халыққа фото және видеофиксациясы бар домофондарды, бейнебақылау мен күзет  дабыл сигнализациясын, терезелерге темір тор орнатуға кеңес береді. Мүлікті тонаудан аман алып қалу үшін металл есіктер мен сапалы құлыптардың да көмегі зор екенін жеткізеді.

Хабар 24 телеарнасы