369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық коммуналшылар «жасыл технологияны» игере бастайды

  • 137
Қостанайлық коммуналшылар «жасыл технологияны» игере бастайды

Қостанай облысы Жітіқара қаласының коммуналдық сала қызметкерлері  «жасыл технологияны» игере бастайды.

Жылуэнергетикалық компаниясы мамандары бұл бағытта 45 млн теңгенің 3 жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтсақ, кәріз және су тазарту жабдықтарына күн батареяларын орнатып, ішкі және сыртқы жарықтандыруды бір жүйеге келтіру. Мамандар суды да баламалы энергия көзімен қыздыруды қолға алмақ. Сонымен бірге кәсіпорын «жасыл технологиялар» арқылы жылу шығынын үнемдеуге көшеді. Ол үшін жылу сорғылары орнатылады.

Зуфар Таипов, жылуэнергетикалық компаниясының аға шебері

Қазір біз бұл жобаларды қаржыландыратын кәсіпорын немесе ұйымды іздеп жатырмыз. Егер аталған 3 бағытты жүзеге асырсақ, электр және жылу энергиясын үнемдеп, оны тиімді пайдалана аламыз.

Хабар 24 телеарнасы