352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» аясында жалдамалы тұрғын үй қолданысқа берілді

  • 148

Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тағы бір жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілді.

Пәтер кілттерін салтанатты түрде алғалық 60 отбасы алды. Қоныс тойын тойлағандардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары және жетім балалар бар. Көпқабатты тұрғын үйдің жан-жағы абаттандырылып, аулаға балалар алаңқайы мен көлік тұрағы салынды. Бұдан бөлек Алға ауданында жыл соңына дейін 128 пәтер тапсыру жоспарда бар. Сонымен бірге 2 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Тағы 4 үйдің жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы сұралды. Осылайша Алғада бүтін бір мөлтек аудан бой көтеріп, баспана мәселесі түбегейлі шешімін таппақ. Қазір тұрғын үй кезегінде 1 мың 529 адам тұр.

Балжан Жұмабекова, Алға қаласының тұрғыны:

- Бүгін менде өте үлкен қуаныш болып жатыржеке баспана алып жатырмын, бұған дейін жеке баспанам болмаған, осы баспананы алғаныма өте қуанып тұрмын, пәтер екі бөлмелі, өте кең, жарқын, әдемі.

Хабар 24 телеарнасы