356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде статусы жоқ халық саны 1 млн 322 мың адамды құрайды

  • 146

Елімізде статусы нақтыланбаған азаматтардың басым бөлігі Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында тұрады.

Ал жалпы республика бойынша статусы жоқ халық саны 1 миллион 322 мың адамды құрайды. Бүгінде бұл азаматтардың мәртебесін анықтау мақсатында ведомствоаралық арнайы комиссия құрылған. Ал жергілікті деңгейде өңірлік штабтар жұмыс істейді. Олар ағымдағы жылдың екінші тоқсанында анықталған проблемалар бойынша талдау жүргізіп, азаматтарды тіркеудің жаңа тәсілдерін мақұлдады. Яғни ақпараттық дерекқорға жаңа статустар енгізілді. Яғни үй шаруасындағы әйелдер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 3 жасқа дейінгі балаға күтім көрсететін адамдар, шарт бойынша жұмыс істейтіндер, шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер, еңбекші мигранттар, тағы басқа стаустар қосылған.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Басты мақсатымыз – азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау ғана емес, сонымен қатар тіркеусіз, келісімсіз еңбек етіп жүрген адамдардың жұмысын заңдастыру. Егер кез келген қызмет еңбек келісімінсіз жасалатын болса, азаматтардың әлеуметтік құқығы бұзылады. Еңбек кодексі, кәсіпкерлік кодексі мен салық заңнамалары бойынша егер азамат жалдамалы жұмысшы болса да, еңбек шарты жасалуы тиіс. Бұл азаматтарды заң тұрғысынан қоғайды. Оның үстіне әлеуметтік төлемдер жүреді.

Хабар 24 телеарнасы