359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорған қаласы жылыту маусымына дайын

  • 86
Талдықорған қаласы жылыту маусымына дайын

Талдықорған қаласы да қысқы жылыту маусымына дайын.

Бұл туралы Алматы облысы орталығының 82 пайызын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған «Басқуат» қазандығының басшысы мәлімдеді. Бұл кәсіпорын жылына 140 мың тоннадай көмір тұтынады. Қазір онда 50 мың тонна көмір қоры бар. Семейдегі Қаражыра кен орнынан тағы 100 вагон отын жолда келе жатыр. Сондықтан отын мәселесінде ешқандай түйткіл жоқ. Рас, қазір қалада ыстық су жоқ. Өйткені 10 қыркүйекте «Басқуат» қазандығында профилактикалық жөндеу жұмыстары басталды. Ол он күнге созылады. Ыстық су қала тұрғындарына қыркүйек айының 20-нда беріле бастайды.

Диас Тазабек, «Басқуат» қазандығының басшысы:

- Басқуатта 7 қазандық бар. Оның ішінде 3 бу қыздыру қазандығы, 4 су қыздыру қазандығы бар. Қазіргі таңда су қыздыру қазандығының үшеуі күрделі жөндеу жұмысынан өтті. Біз қазіргі таңда жылу маусымына 90 пайыз дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы