356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бақыт Сұлтанов елорданың жылыту маусымына дайындығын тексерді

  • 105
Бақыт Сұлтанов елорданың жылыту маусымына дайындығын тексерді

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көшпелі отырыс өткізді және қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты қалалық коммуналдық кәсіпорындарға барды.

Олардың арасында «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы», ЖЭО-2 мекемелері бар.

Қаланың тіршілігіне жауапты негізгі коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы туралы әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. Аралау барысында Б. Сұлтанов «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы» және ЖЭО-2-ге барды.

Қ. Айтмұхаметовтің айтуынша, қазіргі таңда қаланы жылу маусымына дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылуға дайындығы 97% құрайды. 12 км су құбыры және 5 км кәріз желісі қайта жөндеуден өтті. Бақыт Сұлтанов осы жұмыстарды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

«Біздің жұмысымызды тұрғындар қызмет көрсету сапасы арқылы бағалайды. Біз барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек, әсіресе жылу маусымы кезінде. Су, жылу, жарық үзіліссіз берілу керек», - деді Б. Сұлтанов.

Хабар 24 телеарнасы