356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда бассейнде шомылған балалар суға кетті

  • 391
Таразда бассейнде шомылған балалар суға кетті

Тараздың жекеменшік демалыс орындарында қос қайғылы оқиға тіркелді. Жасөспірім мен 7 жасар бала суға кетті.

«Күншуақ» демалыс орнының аумағында 7 жасар бала бассейнде шомылып жүріп, суға батып кетті. Куәгерлер баланың денесін судан өз беттерімен алып шыққан», - деді ведомство өкілі. Сондай-ақ «Уатервиль» жекеменшік демалыс орнының маңындағы бассейннен куәгерлер 14 жастағы жасөспірімнің денесін алып шықты. Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, адамдардың шомылуға арналған жерлерде қаза табуы жиілеп кеткен. Осылайша 2 тамызда Жаңатас қалалық жағажайында 54 жастағы ер адам суға кетіп, мерт болған. Ведомствоның берген ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері облыстың су қоймаларында арты қазаға алып келген 15 жағдай тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы