352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да бір тәулікте екі көлік өртеніп кетті

  • 173
ШҚО-да бір тәулікте екі көлік өртеніп кетті yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде екі автомобиль өртенді.

Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлайды.

Риддер қаласында 6 қыркүйек таңертең Қонаев көшесінде автотұрақта «Фольксваген» шағын автобусы тұтанды. Көліктің қозғалтқышы, салоны мен кузовы жанған. ТЖД қызметкерлері өртті жарты сағаттан аз уақытта өшірген. Өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады.

Екінші оқиға бүгін түнде Семейде болған. Мұхамедханов-Абай көшелерінің қиылысында кетіп бара жатқан «Тойота Камри» көлігі өртенген. Өрт жалыны көліктің мотор бөлігі мен салонын шарпыған. Аумағы 3 шаршы метрді құраған. Өртсөндірушілер 20 минуттың ішінде сөндіріп үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы