359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Рухани жаңғыру» БҰҰ ұстанымына сәйкес

  • 213
«Рухани жаңғыру» БҰҰ ұстанымына сәйкес

Қазақстанның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Бұл туралы пікірді әділетті және тұрақты әлем құру үшін ғаламдық азаматтықты тәрбиелеу форумының қатысушылары білдірді. Олардың айтуынша, Қазақстан Президентінің бағдарламалық мақаласының халықарлық қауымдастық үшін де маңызы зор. Ол ғаламдық сын-қатерлерді ескере отырып, рухани құндылықтарды жаңғыртуға негізделген. Мамандар да қоғамдық сананы жаңғырту мен бәсекелестікті дамытудың өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ сарапшылар тұрақты дамудағы ғаламдық азаматтықты тәрбиелеудің қажеттілігіне басты назар аударды.

Омадо Нандес, БҰҰ қоғамдық ақпарат басқармасының қызметкері:

- Біз үшін ғаламдық азаматтық – әділетті және тұрақты әлем құрудағы негізгі принциптердің бірі. Оның ішінде басты назар университеттер мен басқа оқу орталықтарындағы білімге аударылады. Міндет – осы оқу бағдарламалары мен БҰҰ арасындағы байланысты құру. Тағы бір ұстанымымыз – білім арқылы ғаламдық ынтымақтастықты дамыту. Бұл ұйымның тұрақты даму міндеттерімен және «Рухани жаңғырумен» сәйкес. Ең бастысы, төзімділік, өзара түсіністік және мәдениетаралық диалогты дамытуға септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы