353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ұлы дала рухы»: 8 спорт түрі бойынша мықтылар анықталады

  • 101
«Ұлы дала рухы»: 8 спорт түрі бойынша мықтылар анықталады

«Ұлы дала рухы» фестивалі Астанаға жетті.

Бұл – ұлттық ойындар бойынша ең ауқымды және тұңғыш рет ұйымдастырылған спорттық шара. Бұған дейін іріктеу сындары батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерде өтті. Енді бүгін елордада солтүстіктің мықтылары жиналып, 8 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтап жатыр. Оның ішінде көкпар, аударыспақ, күрес, жамбы ату, теңге ілу және тоғызқұмалақ сынды сайыстар бар. Жарыс 2 күнге созылады. Оның нәтижесі бойынша үздіктер республикалық жарысқа жолдама алады. Шешуші сын қыркүйектің 12-16-сы аралығында елордада өтеді.

Нұрсұлтан Ибрагимов, ҚР МСМ Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының директоры:

- «Ұлы дала рухы» фестивалінің пайдасы аймақ-аймаққа бөлініп өтіп жатыр. Яғни әр аймақтың үздіктерін байқауға мүмкіндік бар. Әсіресе көкпарда әрдайым Шымкент пен Жамбыл облысының құрамалары кездесетін. Енді әр аймақ өз мүмкіндіктерін пайдаланып көреді.

Хабар 24 телеарнасы