Хабар 24
LIVELIVE

Елбасы ядролық арсеналын кеңейтіп отырған елдерді жазаға тартатын арнайы қарар құруды ұсынды

  • 345
  • Media
Елбасы ядролық арсеналын кеңейтіп отырған елдерді жазаға тартатын арнайы қарар құруды ұсынды Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Бұл туралы Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді. Күллі әлем көз тіккен шарада «Жаппай жою қаруларын таратпау: сенім амалдары» тақырыбы жан-жақты қаузалды.

Алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі туралы қысқа да нұсқа. Бұл халықаралық шиеленістерді шешетін, әлемде бейбітшілік орнату секілді мән-мағынасы зор үлкен әңгімелер айтылатын алаң.

Келелі Кеңестің төрі екінің біріне бұйыра бермейді. 2016 жылы Қазақстанның бағы жанып, былтырдан іргелі органға мүшелік етіп келеміз.

Жалпы Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі бар. Бұл – Екінші дүниежүзілік соғысында жеңімпаз болып шыққан мемлекеттер Қытай, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ пен Франция. Және тұрақты емес мүшелікке екі жыл мерзімге 10 мемлекет сайланады. Осы айда қазақ елі Кеңеске төрағалық етіп отыр.

Қауіпсіздік Кеңесінінің бүгінгі отырысының тізгінін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұстады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Құрметті Бас хатшы мырза! Құрметті Кеңес мүшелері, ханымдар мен мырзалар! Сіздермен осы тақырыпта брифингте жүздескеніме қуаныштымын. Осыған қатынасып отырған министрлерге, біздің көрші елдердің, басқа елдердің басшыларына ризашылығымды білдіремін. Біз Қазақстанның БҰҰ ҚК-ге тұрақты емес мүшесі болып сайлануын және бүгінгі төрағалық қызметімізді әлемдік қоғамдастықтың елімізге және оның бейбітшіл саясатына деген сенімі деп білеміз. Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі қызметінің бірінші жылы өтті. Біз Кеңестің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге қатысты барынша белсенді, конструтивті және әділ болуға тырыстық. Ауғанстан, Талибан, ТГИЛ, «Әл-Каида» және Сомали, Эритрея жөніндегі комитеттерді басқара отырып, олардың жемісті қызмет етуіне өз үлесімізді қосып келеміз. Кеңестің барлық мүше мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін.

Президент күн тәртібінде «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» деген тақырыпты көтерді. Тегін емес. Қазақстан – ядролық қаруға қарсы күрестің көшбасшысы. Өз еркімізбен жойқын қарудан бас тартқан алғашқы мемлекетпіз. Келелі кеңесте сөз алған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы да бұл сұрақтың өзектілігін айрықша атап кетті.

Антониу Гуттериш, БҰҰ Бас хатшысы:

– Бүгінгі жиынға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Жиынның ұйымдастырылуына жетекшілік еткен Қазақстанға алғыс айтамын. Қазақстан жаһандық қырып-жою қаруын таратпау туралы бастаманы әу бастан көтеріп, үнемі қолдау білдіріп келеді. Осы мәселеде Президент Назарбаевтың еңбегі ерен. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы алғыс айтамын. Қазақстанның ядролықтан қарудан өз еркімен бас тартуының өзі қырып-жою қаруын таратпауға қосылған үлкен үлес. БҰҰ-да ядролық қарудың таралуына түбегейлі қарсы.

Астананың бейбітшіл саясаты – бүкіл әлемге белгілі бренд. Осы ұстанымды осы күнге дейін ұстанып келеміз. Сондықтан болар, бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған, еш мемлекетпен араздаспаған әлемдегі жалғыз елміз. Нұрсұлтан Назарбаев әлем мемлекеттерін бір-бірімен сеніммен қарап, талас-тартысты даналықпен шешуге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

За четверть века в системе ООН моя страна проделала стремительный путь от обладателя 4-го в мире ядерного арсенала до страны-лидера глобального нераспространения , в то же время закрыв крупнейший в мире испытательный ядерный полигон в Семипалатинске. Отказ от оружия, статуса ядерное державы был нашим осознанным, искренним выбором, добровольным актом, поддержанным всем народом Казахстана,по достоинству оцененным мировым сообществом. 

Әлеммен сәлемін түзу, өзге елдермен тату болу идеясын кез келген салтанатты жиындар мен саммиттерде Нұрсұлтан Назарбаев ұдайы айтып отырады. Бүгінде Елбасы әлем елдерін жаппай-қырып жою қаруынан бас тартып, ядролық әлеуетін бейбіт мақсатта пайдалануға шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Без ядерный статус Казахстана может стать примером и послужить практическим руководством для других стран. Мы создали и укрепили нашу независимую страну, добились ее высокого авторитета. именно отказавшись от ядерного оружия и получив гарантии ненападения от ядерных держав. Мы призываем последовать нашему примеру все другие страны. Мы призывали в свое время Иран, сейчас призываем Северную Корею.Не в этих ядерных бомбах и ракетах находится сила. В мире его много, это не является по-настоящему защитой. Защитой является доверие мирового сообщества.

Қауіпсіздік Кеңесінің қабырғасында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы жаппай-қырып жою қаруын таратпау жұмыстары өз нәтижесін бермей жатқанына алаңдаушылығын білдірді. Сол себепті Елбасы ядролық арсеналын кеңейтіп отырған елдерді жазаға тартатын БҰҰ-ның арнайы қарарын құруды ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Не подвергая сомнениям, предлагаю возможность разработки специальной резолюции ООН для тех стран, которые нарушают договор, санкционные меры. Вы видим, что это необходимо. Нахождение договора международного права не остановила некоторые страны, например Индию и Пакистан, обладать этим оружием.

Ал ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттерге қауіп-қатерден қорғау үшін заңмен кепіл беру керек. Бұл Қазақ Президенті ұсынған тығырықтан шығар жолдың бірі. Сондай-ақ Елбасы әлем елдерінің әскери тұрғыда жік-жікке бөлінуді доғаруды керегін қадап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Необходимо выработать реальные работающие механизмы применения жестких мер против его приобретения, распространения. Предлагаю в качестве главной меры развивать юридически обязывающую систему гарантий ядерных держав государствам, которые добровольно отказываются от атомного оружия. Это справедливо.

Бүгінде қазақ деген халыққа қырын қарап, мұрнын шүйіретіндер жоқ. Халықаралық шаруалардың бел ортасында белсенділік танытып жүрген Қазақстан Президентінің бастамаларына әлем елдері құлақ түретіні сөзсіз. Өйткені Қазақстан бітімгердің, бейбітшіл елдің жүгін өгіздей өрге сүйреп жүрген бірден-бір мемлекет. 

Авторлары: Ж.Біркенов, Р.Мыңбаев, Д.Рахымбаев 

back to top