Хабар 24
LIVELIVE

Еліміздің 736 озат оқушысы ғылыми жобалар конкурсының ақтық сынына жолдама алған

  • 315
  • Media
Еліміздің 736 озат оқушысы ғылыми жобалар конкурсының ақтық сынына жолдама алған

Алматыда ғылыми жобалар конкурсы басталды.

Мектеп оқушылары арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану бағыты бойынша өткізілетін сайыстың шешуші кезеңіне еліміздің әр аймағынан оқуда озат 736 оқушы жолдама алған. Олар ұсынған 600 ғылыми жоба қазылар алқасының қарауына жіберіледі. Республикалық конкурстың жеңімпаздары 16 ақпан күні жарияланып марапатталады. Биылғы конкурсқа өтініш бергендердің саны 19 мың оқушыға жеткен. Бұл сайысқа қатысушылар санының жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, үздік шыққан төрт оқушы халықаралық конкурсқа жолдама алады.

Шолпан Қирабаева, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

– Балалар 7-сыныптан бастап әртүрлі ғылыми жұмыстар жазады. Мен айта кетер едім, балалар диплом алады ғой. Сосын төрт баланы реттейміз. Ол балаларды Intel ISEF 2018 дегенмен АҚШ-қа барады. Біз оған 2002 жылдан бастап қатысамыз.

back to top