Асқар Мамин Ресейде Михаил Мишустинмен кездесті

Қазақстан мен Ресей 2021-2025 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кешенді бағдарламаны қабылдады.

Премьер-министр Асқар Мамин Ресейдің Қазан қаласына жұмыс сапары аясында ресейлік әріптесі Михаил Мишустинмен кездесті. Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, геология, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, агроөнеркәсіп кешені, транс-шекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады. Келіссөздер соңында екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды. Сонымен қатар коронавирустың таралуына қарсы күрес және пандемия салдарын жою туралы бірлескен шаралар жөнінде сөз болды.