Сенат Төрағасы «ЭКСПО-2017» нысандарында болды

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЭКСПО-2017» нысандарында болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің құрылыс алаңында болып, бұл ерекше нысанның даму жоспарымен танысты. Төраға «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігін айта келіп, көрме нысандарын салудағы жоғарғы қарқынды атап өтті.

Қ.Тоқаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға тілектестігін білдірді. 