Драйв. Шетелден әкелінетін көліктерге салынатын салық түрлері

Қазақстандық автопаркті жаңарту үшін ел ішіндегі автозауыттар жаңғыртылып, жаңа көліктер көптеп шығарылып жатқаны белігілі. Десе де, бұған қарамастан, көршілес Ресей, Қырғызстаннан автомобиль сатып әкелушілер саны азаяр емес. Бұндай көліктерге салық қалай салынады және айыппұлдар қалай рәсімделеді деген сауал туындайды. Жауабын бүгінгі бағдарламамызда тарқатуға тырысамыз.