Ол агломерациялық цехта басқарушы пульттің операторы болып жұмыс істейді. Мұнда еңбек етіп жүргеніне 7 жыл болған. Жұмыс ретін ұйымдастырып, өндірістік шаруадағы келеңсіздіктерді болдырмау Натальяның тікелей міндеті. «Еңбек адам өмірінде маңызды орын алады. Өйткені адам еңбектің арқасында көркейеді, мықты болады», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.