Газоблок өндірісі | Made in KZ

Әлем бойынша автоклавты газоблок өндірісі екінші дүниежүзілік соғысынан кейін қарқынды дами бастайды. Себебі мемлекеттер алдында қираған ғимараттарды тез қайта қалпына келтіру мақсаты қойылды. Ал газобетон арқылы бұл мәселені арзан әрі тез шешуге болады. Осылайша газоблокқа сұраныс артады. Жалпы бұл өндіріс 1922 жылы патенттелген екен. Яғни құрылыс материалының негізін қалаушы Швециялық ғалым Эриксон болып табылады.

Отандық газоблок өндіретін зауыт Алматы қаласының индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорынның жалпы аумағы 5 гектар жерді құрайды. Зауыт былтыр ғана іске қосылғанымен, күніне 300 кубометр газоблок шығаратын қауқары бар. Кәсіпорында бүгінде 90 адам жұмыспен қамтылған.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.