Мәдениет және спорт вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков сыбайлас-жемқорлық дерегі бойынша қамауға алынды.

Ол букмекерлік қызмет саласында заңды тұлғадан пара алды деген айыппен ұсталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Шенеунікке пара берген азамат та  қамауға алынды.

Сондай-ақ Алматыдағы «Алатау» балалар клиникасының директоры осындай қылмыспен күдікке ілінді. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мекеме басшысы қызметін асыра пайдаланып, кепілдендірілген медициналық көмек аясында бөлінген қаражатты қолды қылғаны айтылады. Қазір күдікті үйқамақта отыр.

Екі дерекке де қатысты сот шешімі алдағы уақытта шығады.