Жеңіс күніне орай өтетін мерекелік шаралар келесі жылға шегерілді

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды», – деп жазды.

Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды. Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді.