4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні. Конституциялық Заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданды. Мемлекеттік рәміздер ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі ерекше сезіліп тұруы тиіс.

Ал жастар мемлекеттік ту мен елтаңба авторларын тани ма? Әнұранды жатқа біле ме?

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Бас шаһарымыздың қақ ортасындағы көк туымыз 111 метр биіктіктен желбіреп тұр. Ұзындығы 30, ені 15 метр. Ал салмағы 100 келі. Алып туды қаламыздың әр жерінен байқауға болады.

Осылайша тудың жалпы көлемі 450 шаршы метр. Жылына 3 мәрте жаңасына ауыстырылып отырады.

Болатбек Бердімұратов, Қазақстанның басты туын күтіп ұстау компаниясының басшысы:

- Цехта арнайы мата бар, флажная сетка деген. Сол флажная сеткаға арнайы полиграфиялық компания басып шығарады және тігін цехта тігіледі.

- Тудағы күн мен қыранның бейнелері бояумен басылады иә?

- Заң бойынша бояумен бастыруға болады. Және де тіктіріп салуға да болады. Нақты қазіргі тұрған туымыз бояумен бастырылған.

Нөсерлі жаңбыр жауғанда немесе жел екпіні секундына 10 метрге дейін күшейген кезде ту тутұғырдың белортасына дейін түсіріледі. Бұл әдіс тез тозудың алдын алады.

Наурызбай Құрманғазы, қала тұрғыны:

- Көк туымыздың авторын білесіз бе?

- Білем әрине. Шәкен Ниязбеков.

- Біздің мемлекеттік елтаңбамыздың авторлары?

- Қателеспесем екі кісі. Жандарбек...

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Мемлекеттік рәміздер күні көк туымыз бен елтаңбамыздың авторларын сұрап азаматтарымызды қинамайық. Ұятқа қалдырмайық. Жастар әнұранның сөзін біле ме? Соны тексеріп көрдік. 

- Алтын күн аспаны 

- Көк тудың желбірегені...

- Жасыл жайлау...

- Айдарымнан сипап өткен самалдың, қазағымның мәртебесі деп білем.

- Таласқа түссе жан мен ту, Қайсысы сізге керегі?

- Жан наверно.

- Жаныңыз тәтті болып тұр ғо?

- Иә.

- Таласқа түссе жан мен ту. Қайсысы сізге керегі?

- Ту әрине.

- Ежелден ер деген даңқымыз шықты ғой...

Осындай отансүйгіш жастарымыз көп болсын.

Мирлан Алтынбек, Наурыз Базаров, Диас Қовланбаев