Бублик пен Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Теннистен Қазақстан командасының өкілдері Александр Бублик пен Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Үлкен Дулыға» санатындағы дүбірлі сынның жартылай финалында Бублик пен Голубев жұбы испаниялық Пабло Андухар/Педро Мартинес дуэтінен басым түсті.  Кездесу 1:6, 6:4, 6:4 есебімен аяқталған.