Министрлер кабинеті жағдайды тұрақтай алмай отыр – Президент

Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр.

Азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шаралар жоспарын қабылдау керек. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев  еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте айтты. Бұған дейін Үкімет жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеген болатын. Алайда эпидемиологиялық ахуал күннен күнге нашарлап барады. Елордада жағдайы ауыр әрі аса ауыр науқас көбейген. Президентті қауіпті вирустың ілмегіне балалардың жиі ілінуі алаңдатады. Елде күн сайын коронавирус жұқтырғандардың саны 5 мыңнан асып жатыр. Жансақтау бөлімдері түгел дерлік іске қосылған. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтар сатып алынды. Осыған қарамастан жағдай көңіл көншітпейді деді Мемлекет басшысы.