Ертең ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясы өтеді

Басқосу онлайн форматта ұйымдастырылады. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли арнамызға берген сұхбатында осылай деді.

Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:

- Жағдай тұрақталған соң ҰҚШҰ миссиясы аяқталады. Бірден өз елдеріне қайтады. Осы сәтті пайдаланып айта кетейін, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясы онлайн форматта өтеді. Сол жиында Президент еліміздегі ахуал бойынша әріптестеріне толыққанды мәлімет береді. Ақорданың ресми сайтынан ақпарат күтіңіздер. Президент айтпақшы, жалған ақпараттарға сенбей, тек қана ресми мәлімет көздеріне сеніңіздер дегім келеді.