Үкімет әлеуметтік-экономикалық жобаны бекітті

Үкімет әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі жоспардың жобасын бекітті, деп хабарлайды Хабар 24.

Құжатты таныстырған Ұлттық экономика министрі бағдарлама 51 бағыттан тұратынын жеткізді. Әлібек Қуантыровтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, сұйытылған газ бен көмірдің бағасы негізсіз қымбаттамайды. Бұдан бөлек 1 қаңтарға дейін кәсіпкерлер салықтан босатылады. Теңгенің тұрақты болуына күш салынады. Ал Күштік құрылымдардың жарақат алған және қаза тапқан қызметкерлерінің отбасына, жан-жақты қолдау көрсетіледі. Мұқтаж азаматтарға баспана беріледі. Сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру салаларын жаңғырту жоспарда бар. Ұлттық экономика министрі әзірлеген жобаны Үкімет мүшелері бірауыздан мақұлдады.