Жәнібек Әлімханұлы WBO бойынша уақытша әлем чемпионы титулын жеңіп алды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем титулы үшін британдық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек бірінші раундтың өзінде-ақ қарсыласының басына соққы комбинациясын орындап, нокдаунға түсірді.

Екінші үш минуттық раундта Жәнібек Дигнумды нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.