Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болды

Түркістан облысында жаңа әкім. Бұл қызметке Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол еліміздің Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданының Абай ауылында дүниеге келген. Премьер-Министр Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сенат депутаты болып қызмет етті. Ал, 2019 жылдың наурызында Өзбекстанға елші болып кетті. Түркістан өңірін 2019 жылдың ақпанынан бері басқарған Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды. (ВИДЕО+ГЕО) Бұған дейін оның отставкаға кетуге өтініш бергені хабарланған. 13 шілдеде сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған еді. Ал, маусымда елордада өткен брифингте Өмірзақ Шөкеев Кентау әкімінің кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кетуге өтініш беретінін айтқан.