Президент Абай облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Президент өңір жұртшылығымен кездесті.

Мемлекет басшысы: «Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше екенін айтып, ол қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты біртуар перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені екенін атап өтті. Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады.Семей ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір», - деді.

Сапар аясында Мемлекет басшысы өңірдің бірқатар мәдени-білім беру ошақтарын аралап көруді жоспарлап отыр.