Қостанай облысындағы мектептер оқу үрдісінің дәстүрлі форматына ауысты

Қостанай облысында бүгіннен бастап тағы 48 мектеп оқу үрдісінің дәстүрлі форматына ауысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі 381 жалпы білім беру мекемесі үшінші тоқсанды штатты режимде бастайды. Бұл мектептерде 300-ге жуық оқушыдан білім алады. Бұдан бөлек, 114 мектепте кезекші сыныптар болады. Ал бітіруші сыныптардың 70%-і сабаққа дәстүрлі жүйемен келеді. Осылайша, 39 мыңдай бала оқуын штатты режимде жалғастырмақ. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты осындай шешім шығарылды.

Темірбек Ислямов, қалалық №25 жалпы білім беру мектебінің директоры:

- Сабақ кестесі әр сынып үшін бөлек болады. Бұл әлеуметтік арақашықтықты ұстану мақсатында жасалған. Сонымен қатар үзіліс қоңырауы да әр сыныпқа бөлек соғылады. Әр кабинетте бір мұғамлімнен болады.