Маңғыстау облысында үш мектеп карантинге жабылды

Маңғыстау өңірінде 3 мектеп карантинге жабылды. Олар Ақтаудағы ІТ-лицей, №7 мектеп-лицей және Маңғыстау ауданындағы бір орта мектеп.

Белгілі болғандай, облыс орталығында тұратын ұстаздар коронавирус жұқтырған. Аталған білім беру нысандары келер аптаның ортасына дейін жабық болады. Жалпы аймақтағы барлық 158 мектеп 1 сәуірден бастап аралас оқу форматына ауыстырылды. 70 пән дәстүрлі, қалған 30-ы қашықтан оқытылады. Әр сыныпқа 25 балаға дейін ғана кіруге  рұқсат.