Ғалымдар Medsupport.kz қауымдастығына QazVac туралы жауап қайтарды

Осыған дейін «Медсаппорт.кз» қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлері елімізде шығарылған «КазВак» вакцинасының тиімділігіне күмәнмен қарайтынын мәлімдеген еді.

Олар «отандық екпені ойлап тапқандар әлі күнге дейін сынақ нәтижесін жариялап, ғылыми мақала жазған жоқ» деп шүйліккен.

Бүгін осы вакцинаны әзірлеген ғалымдар әлгі қауымдастық өкілдеріне жауап берді. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 60 жылдан бері вакцина шығарумен айналысып жүргендерін айтады.

Олар «сенімсіз екпені жаппай қолданысқа енгізбейміз» деп сенімді сөйлеп отыр.

«КазВакты» да дәстүрлі әдіспен дайындадық. Ал ондай тәсіл ондаған жылдар сыналған», - дейді. «КазВакты» өндіру барысында электронды микроскопия арқылы вирустың морфологиялық тұтастығы мен қауіпсіздігі бірнеше рет тексерілген екен. Екпені жануарлар мен еріктілерге сынап көрген. Барлығында коронавирусқа қарсы антидене пайда болғанын айтады.