Елордада сенбі және жексенбі күндері дәмханалар мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді?

Елорданың санитарлық дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтандыру орындары қысқартылған жұмыс режиміне көшті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен, сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары – кафелер, мейрамханалар, кофеханалар жұмыс істемейді. Бұл ретте тамақты жеткізу және өзімен алып кету штаттық режимде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері таңғы сағат 7-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, ал «Ashyq» жобасына қатысатын мекемелер кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Асханалар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі және жексенбі күндері елордалық СОО және т.б. жұмысына тыйым салынған.