Қазақстан мен Түркия арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Келісімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары қол жеткізген еді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды. Министрдің айтуынша, келісімнің басты бағыттары оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының, сондай-ақ білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасуына көңіл бөлінеді.

«Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру, ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу, бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту сияқты бағыттар басшылыққа алынады», – деп жазылған.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады.

Асхат Аймағамбетов сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанда өткізілетін халықаралық Түркі академиясының ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланғанын жазды.