Жастардың шетелде білім алуы: тұрғындар не дейді?

Бүгін елімізде 3 597 159 млн оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Ал соның 170 мыңдайы биыл мамандық таңдап, үлкен өмірге қадам басады. Солардың ішінде қаншама түлек шетелде білім алуға ұмтылады. Олардың арасында елге оралмайтындары да бар. Ал шетелге білім алуға тұрғындар қалай қарайды?

- Жастардың шетелге оқуға барғанын қолдаймын. Қанша дегенмен әлемдік деңгейде білім алу жақсы ғой. Шетелде білім деңгейі жоғары. Бірақ сол жақта білім алып, қайтып келмей қалуын қолдамаймын.

- Көп балдар кетеді де қайтып оралмайды. Ал оларды не үшін жіберіп жатырмыз. Елді көтеру үшін, мемлекет пен халықты көтеру үшін. Сол себептен осыған тура саясат керек. Біздің уақытта білім басқаша болды, ал қазір Қазақстанда білім деңгейі мәз емес, жасыратын түгі жоқ.

- Өзіміздің Қазақстанда да бар ғой. Ол да күшті. Міндетті түрде шетелге шығу керек деп ойламаймын.

- Шетелде білім алғандары дұрыс қой. Қанша дегенмен әлемге аты шыққан оқу орындары бар. Оқығаны дұрыс. Одан кейін өзіміздің елге қайтып келіп, Қазақстанда еңбек еткені дұрыс.

 - Әркімнің өз ойы бар. Бірақ өзім Қазақстанда қалар едім.