Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададағы жеңісті жолдарын жалғастыруда

Талантты жастарымыз алғаш рет лингвистикадан 2 қола медаль жеңіп алды. Сүйінші хабармен оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олимпиадада Аида Дәулетова мен Дарья Пересыпкина өткен жылдардың рекордын да жаңартыпты. Бұған дейін қазақстандық оқушылар тек 1 қола медальді қанағат тұтқан болатын.

Айта кету керек, Мэн аралында өткен интеллектуалды жарысқа 36 елдің 200 оқушысы қатысқан. Асхат Аймағамбетов қазақстандық жүлдегерлерді құттықтап, жаңа жеңістер тіледі.