Шымкентте ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг Шымкентте орналасқан жоғары оқу ордасында өз орталығын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі профессор Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студентерімен бірге жаңа климаттық экономика мен жасыл технология және климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығына тигізетін кері әсерін азайтуға күш салмақ.

Жаңа орталықта магистрант, докторанттар зерттеу жұмыстарын талдаудан өткізіп, ғылымды дамытудың жаңа моделін құруға мүмкіндік алады. Жаһандық сарапшы шәкірттердің жаңа идеяларын жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға ынталы. Сондай-ақ бизнес субъектілері тарапынан гранттық қаржыландыруға да ықпал етуге дайын екенін жеткізді.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  ректоры:

- Студенттерді өзінің лекциясымен таныстырады. Өзінің 10 жыл бойы айналысып жүрген әрі бейбітшілік мәселесі, екіншіден, тамақ өнеркәсібінің ішіндегі экологиялық мәселелер және үшіншіден, экономиканы қайтсек түзетуге болады. Осы мәселелер бойынша студенттермен сұхбат болады және мотивациялық лекциялар болады.

Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты:

- Әрине орталықтың басты мақсаты – Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсарту жаңа ұсыныстарды әзірлеу. Дереу әрекет етіп, тың тәсілдерді қолға алу арқылы климаттық дағдарыс мәселелерін шешуге болады. Алдағы уақытта студент жастармен бірлесіп, осы тақырыптарды тереңінен қаузайтын боламыз.