17 қаңтарда елордада қоғамдық көлік қатынамайды

City Transportation Systems компаниясы ресми ақпарат таратты.

«Жексенбі күні, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.⠀

Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.⠀

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді» деп жазды компания фейсбукте.