Маман кеңесі: жаттығуға дейін қалай тамақтанған дұрыс?

Спорттағы жеңіс – командалық жұмыстың жемісі.

Себебі жеңіске жету жолында спортшыдан бөлек бірнеше сала мамандары бірдей еңбек етеді. Атап айтқанда, спорттық дәрігерлер мен диетолог мамандары, массажист пен психологтың жұмысы спортшының жарыс кезінде сенімді жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді. Осыған орай, Olympic.kz спортшының жеңіске жетуіне қолғабыс жасап жүрген сала мамандарынан кеңес беруді әрі қарай жалғастырады.

Бүгін Ұлттық олимпиадалық комитетінің диетологы Дияра Антаева спортшыларға бірнеше кеңесімен бөліседі. Атап айтқанда, жаттығуда белгілі бір нәтижеге жету үшін қандай кеңесті басты назарда ұстаған жөн? Осы тұрғыда сөз қозғалады.

Жаттығуға дейін:

  1. Жаттығуға дейін 1,5-2 сағат қалғанда толыққанды тамақтанып алу. Жаттығу кезінде келеңсіздік болмас үшін оған дейін тамақ қорытылуы тиіс.
  2. Жаттығуға дейінгі көмірсулар, ақуыз және клечатка қабылдау. Мәселен, күріш, тауық еті, майсыз немесе қарақұмықсыз салат, майсыз ет және  көкөністерСонымен қатар, авакадо, жұмыртқа, ірімшік, қызыл ет пен қазы сынды майы тартылмаған тағамдар да пайдалы.
  3. Физикалық жаттығуға дейін тамақтанып үлгермесеңіз, көмірсу-ақуыз қоспасын қосымша тамақ ретінде пайдаланыңыз. Бірақ, ол негізгі тағамды алмастыра алмайды. Әсіресе, сүзбе, сүт, жеміс-жидек пен бал секілді табиғи өнімердің бұл тұрғыда пайдасы мол болады.
  4. Жаттығуға 20 минут қалғанда сүт немесе қант, тәтті қоспасыз эспрессо немесе американоны ішкенде сіздің аденозин рецепторлары мен орталық жүйке жүйесін бөгеп, шаршауды сезіндірмейді. Кофеин сонымен қатар май қышқылдарының энергияға тотығуын тездетуге көмектеседі.
  5. Ешқашан жаттығуды ашқарынға жасамаңыз. Мұндай жаттығу денсаулығыңызға пайдасынан гөрі зиянын көп тигізеді.

Жаттығу кезінде міндетті түрде су немесе изотоник ішіңіз. Изотоник дегеніміз - жасушадағы немесе дененің сұйықтығындағыдай бірдей концентрациясы бар ерітінді. Су мен изотоник ерітінділерін қолданбаған жағдайда жаттығу кезінде сіреспе (судороги) мен жеткіліксіз қабыну болуы ықтимал.

Жаттығудан кейін мінедтті түрде тісбасарға нәр татып алыңыз. Физикалық жаттығу аяқталған соң 30 минуттан кейін тісбасарға құрамында көмірсу-ақуызы бар өнімді пайдаланыңыз. Мәселен, айран, кефир, йогурт, жемістер мен көкөністер, смузи пайдалырақ болады.